Оразбек Асылқұлов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында ойсырай жеңілді

ҚБФ
IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов Таразда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалында күтпеген жерден жеңіліп қалды. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Ақмола облысының өкілі жартылай финалда Жетісу облысының боксшысы Әділбек Қожаханмен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Қожахан айқын басымдық танытты. Бес төрешінің барлығы жеңісті оған берді – 5:0.
Осылайша, Асылқұлов ел чемпионатын қола жүлдемен аяқтады. Ал оның қарсыласы финалда чемпиондық атақ үшін күресуге мүмкіндік алды.
Еске салайық, Оразбек – IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы және 2026 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы. Алайда өткен айда Жапонияда өткен Азия ойындарында қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегінен кейін жарыс жолынан шығып қалған еді.