Нагельсман қызметінен кетті

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Германия құрамасының бас бапкері Юлиан Нагельсман 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін қызметінен кетті.

Бұл шешім туралы Германия футбол одағы (DFB) ресми түрде хабарлады. Нагельсманның айтуынша, ол бірнеше күн бойы өз болашағын ой елегінен өткізіп, командаға жаңа бастау қажет деген қорытындыға келген.

«Жарыстан шыққаннан кейін мен ұзақ ойландым және жақындарыммен, сондай-ақ федерация өкілдерімен өз болашағымды талқыладым. Бұл шешім мен үшін өте ауыр болды, бірақ мен үшін әрдайым бірінші орында – ұлттық құраманың мүддесі. Осындай ауыр көңілсіздіктен кейін команда жаңа парақтан бастауға лайық. Мен ойыншыларға, жаттықтырушылар штабына, федерацияның барлық қызметкерлеріне және, әрине, жанкүйерлерімізге алғыс айтамын. Сіздер бізге сеніп, соңына дейін қолдау көрсеттіңіздер, ал біз сіздерге лайықты эмоция сыйлай алмағанымыз үшін қатты өкінемін», – деді Нагельсман.

38 жастағы маман Германия құрамасын 2023 жылдан бері жаттықтырып келді. Оның жетекшілігімен немістер 2024 жылғы өз алаңындағы Еуропа чемпионатында ширек финалға дейін жетіп, кейін турнир жеңімпазы атанған Испания құрамасына жол берді.

Алайда 2026 жылғы әлем чемпионаты Германия үшін әлдеқайда сәтсіз өтті. Неміс құрамасы 1/16 финал кезеңінде-ақ жарысты аяқтап, Парагваймен 1:1 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында 3:4 есебімен жеңіліс тапты.