«Наполи» мен «Фенербахче» Лукаку бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

«Наполи» ФК
«Наполи» және Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукаку мансабын «Фенербахчеде» жалғастыруы мүмкін.
Инсайдер Фабрицио Романоның ақпаратынша, Ыстамбұл клубы «Наполиге» алты миллион еуродан асатын жаңа ұсыныс жолдаған. Тараптар арасындағы келіссөздер жалғасып жатыр. Ал Лукакуның өзі «Фенербахчеге» ауысуға келісімін берген.
Италиялық клуб бельгиялық футболшы үшін шамамен 10 миллион еуро алуды көздеп отыр. Сондықтан тараптарға трансфердің нақты сомасы бойынша әлі де келісу қажет. Өткен маусымда шабуылшы жарақатына байланысты «Наполи» сапында барлық турнирде жеті матч өткізіп, бір гол соқты.
Сонымен қатар форвард 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін жарақатынан айығып, Бельгия құрамасының турнирдегі алты матчының барлығына қатысты. Оның еншісінде үш гол және бір нәтижелі пас бар.
Лукаку «Наполиде» 2024 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін бельгиялық футболшы «Андерлехт», «Челси», «Вест Бромвич», «Эвертон», «Манчестер Юнайтед», «Интер» және «Рома» клубтарының намысын қорғаған.