Нидерланд құрамасы жаңа бас бапкер тағайындауға жақын

Бегасыл Амирбай ··
Фото: KNVB

Фото: KNVB

Нидерланд футбол федерациясы Рональд Куман кеткеннен кейін ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің есімін келесі аптада жариялауды жоспарлап отыр.

Goal басылымының мәліметінше, жаңа бапкерді іздеу ісімен KNVB-ның футболды дамыту жөніндегі директоры Найджел де Йонг айналысуда. Қазіргі уақытта басты үміткер ретінде елдің жастар құрамасын жаттықтырып жүрген Михаэл Рейзигер қарастырылуда.

Басқа үміткерлер қатарында ПСВ клубының бас бапкері Петер Бос және «Твенте» командасының жаттықтырушысы Эрик тен Хаг бар. Бұған дейін құраманы Арне Слот басқаруы мүмкін еді, алайда ол клуб деңгейіндегі мансабын жалғастыруды жөн көрді.

Еске салайық, Рональд Куман Нидерланд құрамасынан 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін кетті. Ұлттық команда турнирдегі жолын Мароккодан пенальти сериясында жеңіліп (1:1, 2:3) аяқтаған болатын.