Нидерландыда Марокко құрамасының жеңісінен кейін жаппай тәртіпсіздіктер орын алды

Ульяна Калиаскар··
фото: instagram.com/equipedumaroc

фото: instagram.com/equipedumaroc

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына Марокко құрамасы шыққаннан кейін Нидерландтың бірқатар қалаларында жаппай тәртіпсіздіктер болды.

Матч негізгі уақытта 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында Марокко құрамасы Нидерланд құрамасын 3:2 есебімен жеңді. NL Times басылымының хабарлауынша, ойыннан кейін жанкүйерлер көшеге шығып, мерекелік көңіл-күй біртіндеп полициямен қақтығысқа ұласқан.

Гаага қаласында таңертең ерте жанкүйерлер полиция қызметкерлеріне тас лақтырып, отшашулар атқан. Бұған жауап ретінде құқық қорғау органдары су атқыштарды қолданып, топты тарқатты. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам ұсталған.

Осындай оқиғалар Амерсфорт қаласында да тіркелген. Зардап шеккен аудандарда жағдай әлі де шиеленісті күйде, ал құқық қорғау органдары ахуалды бақылауда ұстап отыр.