Норвегия – Франция: 2026 жылғы әлем чемпионаты матчының тікелей трансляциясы

Фото: ФИФА
Норвегия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үшінші турында Франция құрамасына қарсы ойнайды.
I топтағы үшінші тур кездесуі 27 маусым күні АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы «Джилетт» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ ойынның ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасында live режимінде бақылауға болады.
Екі турдан кейін Норвегия мен Франция құрамалары 6 ұпайдан жинап, I топта көш бастап тұр. Сенегал мен Ирак әзірге ұпай еншілеген жоқ. Бұған дейін норвегиялықтар Сенегалды 3:2 есебімен жеңсе, француздар Иракты 3:0 есебімен ұтқан.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 құрама қатысуда.