Норвегия Газа тұрғындарына көмек ретінде ӘЧ матчынан түскен барлық табысты аударды

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Норвегия футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатының матчтарының бірінен түскен билет сатылымынан барлық табысты Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде бағыттады. Бұл туралы Scoop Empire хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, жиналған қаражаттың барлығы бейбіт тұрғындарға медициналық және шұғыл көмек көрсететін ұйымдарға беріледі. Олардың қатарында «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық гуманитарлық ұйымы да бар.

2026 жылғы әлем чемпионатында Норвегия құрамасы турнирдің басты жаңалықтарының біріне айналды. Команда өз тобында алты ұпай жинап, екінші орын алды. Плей-офф кезеңінде норвегиялықтар алдымен Кот-д’Ивуарды (2:1), кейін Эрлинг Холандтың дублінің арқасында сенсация жасап, Бразилияны (2:1) жарыстан шығарды. Команда жарысты ширек финалда аяқтап, Англиядан 1:2 есебімен жеңілді.