Нұрбек Мурсал U23 Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Аружан Талгат··
Фото: boxingkazakhstan

Фото: boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мурсал Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының аясындағы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Нұрбек Мурсал Сауд Арабиясының өкілі Маджед әл-Хадж Иссамен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің 4:1 есебімен шығарған шешімі арқылы жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында Нұрбек Мурсал турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдені өз қоржынына салды.

Еске салайық, бұған дейін 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Асылхан Көшербай ширек финалда үндістандық Вансаждан 1:4 есебімен жеңіліп, жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылған болатын.