Очоа әлем чемпионаттары саны бойынша Роналду мен Мессидің рекордын қайталады

Фото: Getty Images
Мексика құрамасының қақпашысы Гильермо Очоа әлем чемпионаттарына қатысу саны бойынша рекордты қайталады. Чехияға қарсы матч оның мансабындағы алтыншы әлем біріншілігі болды.
40 жастағы қақпашы 2026 жылғы әлем чемпионатының үшінші турындағы Чехияға қарсы кездесудің 78-минутында Рауль Ранхельдің орнына алаңға шықты. Осылайша Очоа мансабында алтыншы рет әлем чемпионатына қатысты. Алайда 2006 және 2010 жылғы мундиальдарда ол алаңға шыққан жоқ.
Айта кетейік, Гильермо Очоа 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін кәсіби мансабын аяқтауды жоспарлап отыр.
Бұған дейін алты әлем чемпионатына қатысу көрсеткішіне Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду мен Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси де жеткен болатын.
Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде мәресіне жетеді.