Оңтүстік Корея – Чехия матчының үздік ойыншысы анықталды

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының бірінші турында Оңтүстік Корея құрамасы Чехияны 2:1 есебімен жеңді. Кездесудің үздік ойыншысы атағына кореялық жартылай қорғаушы Хван Ин Бом лайық деп танылды.

Хван Ин Бом матчтың басты қаһармандарының бірі болды. Ол 67-минутта есепті теңестіріп, командасының камбэк жасауына жол ашты. Қазіргі таңда жартылай қорғаушы Нидерландтың «Фейеноорд» клубында өнер көрсетеді.

Оңтүстік Корея ұлттық құрамасы сапында Хван Ин Бом осы уақытқа дейін 74 матч өткізіп, жеті гол соққан.

Бірінші турдан кейін А тобында Мексика құрамасы көш бастап тұр. Олар бұған дейін Оңтүстік Африка Республикасын 2:0 есебімен жеңген болатын. Оңтүстік Корея екінші орында келе жатса, Чехия үшінші сатыға жайғасқан. Ал ОАР құрамасы топ кестесінің соңында тұр.

Екінші турда корейлер 19 маусымда Мексикамен кездеседі. Ал 25 маусым күні Оңтүстік Африка Республикасына қарсы алаңға шығады. Чехия құрамасы 18 маусымда ОАР-мен ойнап, топтық кезеңді Мексикаға қарсы матчпен аяқтайды.