Осака US Open-дегі жеңілістен кейін Рыбакинаның қуатына тәнті болды

Фото: Getty Images
WTA рейтингінде 13-орында тұрған жапониялық теннисші Наоми Осака Елена Рыбакинамен өткен матчтан кейін қазақстандық спортшының ойыны туралы пікір білдіріп, оның ойын мәнерін әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконың стилімен салыстырды.
Осака Рыбакина мен Соболенконың екеуі де соққы күші өте жоғары теннисшілер екенін, алайда оны мүлде әртүрлі тәсілмен пайдаланатынын айтты.
«Меніңше, теннисшілерді соққыға қалай күш салатынына қарай шартты түрде бөлуге болады. Рыбакина өте жылдам ойнайды, ал Соболенко соққыларын ауырлау орындайды. Екеуінің де күші жеткілікті, тек оның әсері мүлде өзгеше сезіледі. Қалай болғанда да, екеуі де өте мықты теннисші. Бүгін қабылдауда нашар ойнадым деп айта алмаймын. Керісінше, Елена өз добын өте жақсы пайдаланды. Торонтодағы кездесуімізден кейін оның бірінші добын агрессивтірек қабылдауға тырыстым, өйткені ол доп бергеннен кейін ойынды бірден корттың қарама-қарсы бөлігіне ауыстырғанды ұнатады. Сондықтан мен бірінші соққыдан-ақ бастаманы өз қолыма алуға тырыстым. Бірақ Рыбакина әйелдер теннисіндегі ең мықты доп берушілердің бірі екені сөзсіз», – деді Осака.
Жапониялық теннисшінің бұл пікірі US Open-2026 турнирінің төртінші айналымындағы кездесуден кейін айтылды. Рыбакина Осаканы екі сетте – 6:1, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңіп, мансабында алғаш рет турнирдің ширек финалына шықты.
Жартылай финалға жолдама үшін Қазақстан өкілі әлемдік рейтингте 121-орында тұрған қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі.