Пегула Наварроны жеңіп, US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: Jimmie48
Әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегула америкалық Эмма Наварроны (WTA рейтингінде 27-орын) жеңіп, US Open-2026 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
2 сағат 20 минутқа созылған кездесу 3:6, 6:4, 6:3 есебімен Пегуланың пайдасына аяқталды. Америкалық теннисші алты эйс жасап, сегіз рет қосарланған қателікке жол берді және брейк-пойнттардың 12 мүмкіндігінің бесеуін пайдаланды. Ал Наварро сегіз рет эйс жасап, жеті қосарланған қателік жіберді. Ол қарсыласының добын қабылдауындағы 12 мүмкіндіктің төртеуін брейкке айналдырды.
Жартылай финалда Пегула әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Америкалық теннисші US Open турнирінің жартылай финалына қатарынан үшінші жыл шығып отыр. 2024 жылы ол Соболенкоға финалда жол берсе, 2025 жылы белоруссиялық теннисшіге жартылай финалда есе жіберді.
Айта кетейік, Пегула мен Соболенко осыған дейін 13 рет кездескен. Оның тоғызында Соболенко жеңіске жеткен.