Басты бет
·
Футбол

«Порту» Чемпиондар лигасында қатарынан үшінші рет жеңілді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ФК ПСВ

Фото: ФК ПСВ

Нидерландылық ПСВ УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда португалиялық «Портуды» 1:0 есебімен жеңді. 20 қазанда «Драгау» стадионында өткен кездесудегі жалғыз голды Гус Тиль соқты.

УЕФА Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 3-тур

«Порту» (Португалия) – ПСВ (Нидерланд) – 0:1 (0:0)

Гол: Тиль 57.

Кездесудің бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Екі команда да қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен, Диогу Кошта мен Матей Коварж өз қақпаларын голдан аман сақтады.

Үзілістен кейін қонақтар алға шықты. 57-минутта Свен Мейнанстың пасын пайдаланған Гус Тиль допты португалиялық клубтың қақпасына дәл бағыттады. Бұл матчтағы жалғыз гол болды.

Жіберіп алған голдан кейін «Порту» бас бапкері Франческо Фариоли бірден үш ойыншыны ауыстырды. Алаңға Хван Ин Бом, Борха Сайнс және Андре Силва шықты. Алайда алаң иелері есепті теңестіре алмады. ПСВ ойын соңына дейін басымдығын сақтап қалды.

Айта кетейік, бұл ПСВ-ның Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісі. Петер Бос шәкірттері үш турдан кейін төрт ұпай жинады. Ал «Порту» қатарынан үшінші рет жеңіліп, әлі ұпай алған жоқ.

Төртінші турда 4 қараша күні «Порту» өз алаңында «Наполиді» қабылдайды. Ал ПСВ «Брюгге» командасымен кездеседі.