ПСЖ Луис Энрикемен жаңа келісімшарт жасасты
Бөлісу

ПСЖ
ПСЖ басшылығы бас бапкер Луис Энрикемен келісімшартты 2030 жылға дейін ұзарту туралы келісімге келді.
Culture PSG мәліметінше, тараптар жаңа келісімнің негізгі шарттарын келіскен. Испаниялық маман Париж клубымен 2030 жылға дейін келісімшартқа қол қояды деп күтілуде.
Энрике ПСЖ-ны 2023 жылдың жазынан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен париждік команда Чемпиондар лигасында қатарынан екі маусым жеңіске жетті. 2024/25 жылғы маусымның финалында ПСЖ «Интерді» 5:0 есебімен жеңсе, бір жылдан кейін «Арсеналды» финалда ұтып, титулын қорғады.
13 тамызда ПСЖ қатарынан екінші жыл УЕФА Суперкубогын да жеңіп алды. Энрике шәкірттері Хвича Кварацхелия мен Дезире Дуэнің голдарының арқасында «Астон Вилланы» 2:1 есебімен жеңді.