ПСЖ «Мальоркадан» ірі есеппен жеңілді
Бөлісу

«Мальорка» ФК
Францияның ПСЖ клубы жолдастық кездесуде Испанияның «Мальорка» командасынан ірі есеппен жеңілді. Матч 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Есеп 21-минутта ашылды. Зиту Лувумбу Матвей Сафонов қорғаған қақпаның жақын жоғарғы бұрышын дәл көздеп, «Мальорканы» алға шығарды. Үзіліске аз уақыт қалғанда Хан Виргили қақпашының алға шығып кеткенін пайдаланып, допты асыра теуіп, есепті еселей түсті.
Екінші таймда да испаниялық клуб басымдық танытты. 53-минутта қорғаушы Антонио Райльо стандартты жағдайдан кейін баспен гол соғып, матчтың соңғы нүктесін қойды.
ПСЖ келесі жолдастық ойынын 8 тамыз күні «Манчестер Юнайтедке» қарсы өткізеді. Кездесу Швецияның Гётеборг қаласында өтеді.