Басты бет
·
Теннис

Путинцева Қазақстанға Испаниямен матчта алғашқы ұпайды сыйлады

Аружан Талғат··
Фото: billiejeankingcup.com

Фото: billiejeankingcup.com

Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Испанияға қарсы өткен матчта Қазақстан құрамасына алғашқы ұпайды әкелді.

Әлемнің 78-ракеткасы WTA рейтингінде 35-орында тұрған Кристина Букшамен кездесті. Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті. Алайда екінші партияда испаниялық спортшы ойын барысын өзгертіп, 6:3 есебімен басым түсті.

Шешуші сетте Путинцева қарсыласына бір ғана гейм беріп, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 52 минутқа созылды.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан ширек финалдағы есепті 1:1-ге жеткізді. Енді жартылай финалға берілетін жолдаманың тағдыры жұптық кездесуде шешіледі.