Путинцева «Ролан Гарростың» екінші айналымындағы қарсыласын білді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатының екінші айналымында колумбиялық Камила Осориомен кездеседі.

Колумбиялық теннисші (WTA №86) турнирдің келесі кезеңіне шығу үшін әлем рейтиңінде 14-орында тұрған ресейлік Екатерина Александрованы қапы қалдырды. Матч 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Бұған дейін Путинцева жарысты аустралиялық Талия Гибсонды жеңумен бастаған. Қазақстандық теннисші матчта 4:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. «Ролан Гарростың» екінші айналымында Путинцева мен Осорио турнирдің үшінші кезең жолдамасы үшін бақ сынасады.

Турнир жеңімпазы 2,8 миллион еуро және WTA рейтиңінің 2000 ұпайына ие болады.

Путинцева «Ролан Гарростың» екінші айналымындағы қарсыласын білді – sport-hub