Путинцева Румыниядағы WTA турнирін жеңіспен бастады

Фото: Getty Images
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 125 сериясындағы турнирдегі өнерін сәтті бастады.
Бірінші айналымда әлемдік рейтингте 82-орында тұрған қазақстандық теннисші америкалық Клэр Люмен (111-орын) кездесті. Путинцева екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті - 7:5, 6:2. Матч 2 сағат 7 минутқа созылды.
Ширек финалға шығу үшін қазақстандық спортшы ресейлік Алина Чараевамен (WTA рейтингінде 118-орын) ойнайды.
Еске салайық, Путинцеваның бұған дейінгі турнирі Швецияның Бастад қаласында өткен WTA 125 жарысы болды. Ол жарыста қазақстандық теннисші жартылай финалға дейін жетіп, бұрынғы әлемнің екінші ракеткасы испаниялық Паула Бадосадан екі сетте жеңілген еді. Соған қарамастан, бұл нәтиже Юлияның соңғы апталардағы ең үздік көрсеткіші саналады.
Яссыдағы турнир 13–19 шілде аралығында өтуде.