Юлия Путинцева Румыниядағы турнирдің ширек финалына шықты

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Румынияда өтіп жатқан турнирде сәтті өнер көрсетуін жалғастыруда.

1/8 финалдық матчта Қазақстанның екінші ракеткасы, үшінші нөмірмен тіркелген Путинцева Сербия өкілі Лола Радивоевичпен (әлемнің 148-ракеткасы) кездесті. Ойын 2 сағат 5 минутқа созылып, қазақстандық теннисшінің екі сетте жеңісімен аяқталды — 6:4, 7:5.

Осы жеңістің арқасында Путинцева жарыстың ширек финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол әлемдік WTA рейтингінде 93-орында тұрған австриялық Синья Крауспен кездеседі.

Еске салайық, турнирдің алғашқы кезеңінде Юлия Грекия өкілі Марта Матуланы (әлемнің 304-ракеткасы) сенімді түрде жеңіп, 7:6 (7:3), 6:1 есебімен басым түскен болатын.

Юлия Путинцева Румыниядағы турнирдің ширек финалына шықты – sport-hub