Путинцева Саккариді жеңіп, Токиода Рыбакинамен кездеседі

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты. Ол алғашқы кездесуде грек қызы Мария Саккариді 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.
Токио (Жапония). WTA-500. Жекелей сында. Бірінші айналым
Юлия Путинцева (Қазақстан) – Мария Саккари (Грекия) – 6:4, 3:6, 6:1
Кездесу 2 сағат 26 минутқа созылды. Әлемдік рейтингте 67-орында тұрған Путинцева 30-ракетка Саккариден басым түсті. Қазақстандық теннисші алғашқы партияны жеңгенімен, екінші сетте қарсыласы есепті теңестірді. Шешуші партияда Путинцева қарсыласына бір ғана гейм беріп, жеңіске жетті.
Матч барысында Юлия бір эйс жасап, қос қателікке жол берген жоқ және жеті брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Ал грек теннисшісі эйс жасай алмады, бес рет қос қателік жіберіп, қарсыласының бес геймінде жеңіске жетті.
Айта кетейік, Путинцева Токиодағы жарысты іріктеу кезеңінен бастады. Алғашқы іріктеу матчында жапониялық Хая Киноситуды 7:5, 6:2 есебімен жеңсе, кейін тағы бір жергілікті теннисші Саяка Исииден 4:6, 6:2, 6:3 есебімен басым түсті. Саккариді жеңуі қазақстандық спортшының турнирдегі қатарынан үшінші жеңісі болды.
Екінші айналымда Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы, турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Елена Рыбакинамен кездеседі. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымнан босатылғандықтан, жарыстағы жолын отандасымен өтетін матчтан бастайды.
Токиодағы турнир 26 қазан мен 1 қараша аралығында ашық хард корттарында өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы – швейцариялық Белинда Бенчич.