«Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыластарын білді

Бегасыл Амирбай ··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыластарын білді.

Егер үшінші іріктеу кезеңінде «Левскиді» жеңсе, «Қайрат» келесі қарсыластардың бірімен кездеседі:

«Хапоэль» Беэр-Шева (Израиль) – «Црвена Звезда» (Сербия) жұбының жеңімпазымен;

«Динамо» Загреб (Хорватия) – «Кауно Жальгирис» (Литва) текетіресінің жеңімпазымен;

шотландиялық «Селтикпен»;

«Слован» Братислава (Словакия) – «Мьельбю» (Швеция) жұбының жеңімпазымен;

грек клубы АЕК-пен.

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Левски» мен «Қайрат» арасындағы алғашқы матч 4 тамыз күні Софияда өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:30-да басталады.

Жауапты кездесу 11 тамызда Түркістанда өтеді. Екі матч қорытындысы бойынша жеңімпаз Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алады, ал жеңілген команда Еуропа лигасында өнерін жалғастырады.