«Қайрат» – «Мьельбю» матчын басқаратын төрешілер анықталды

Фото: PZPN
Алматылық «Қайрат» 26 қарашада УЕФА Конференциялар лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы жалпы кезеңнің төртінші турында Швецияның «Мьельбю» клубын қабылдайды.
УЕФА алдағы кездесуге төрелік ететін төрешілер бригадасын тағайындады. Матчтың бас төрешісі қызметін 42 жастағы польшалық Павел Рачковски атқарады.
Оған алаң жиегінде отандастары Марцин Бонек пен Филип Серант көмектеседі.
Төртінші төреші болып Патрик Грицкевич тағайындалды. Ал бейнеқайталау жүйесінің (VAR) жұмысына Павел Пскит жауап береді. Оның көмекшісі – Пётр Урбан.
УЕФА тарапынан төрешілер бақылаушысы қызметін чехиялық Радек Пржигода атқарса, матч делегаты болып болгариялық Божил Грозданов бекітілді.
«Қайрат» пен «Мьельбю» арасындағы кездесу 26 қарашада Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.
Еске салайық, Конференциялар лигасының үш турынан кейін «Қайрат» екі ұпай жинап, жалпы турнирлік кестеде 27-орында тұр.
Ал жеті ұпайы бар «Мьельбю» тоғызыншы сатыға жайғасқан.