«Қайрат» пен «Андерлехт» матчына ағылшын төрешілері тағайындалды

«Ньюкасл» ФК
Алматылық «Қайрат» пен бельгиялық «Андерлехт» арасындағы Еуропа лигасының іріктеу кезеңі плей-офф раундындағы алғашқы матчты ағылшын төрешілер бригадасы басқарады.
Кездесудің бас төрешісі болып Крис Кавана тағайындалды. Қапталда оған Дэн Кук пен Иан Хассин көмектеседі. Төртінші төреші – Роберт Джонс. VAR жүйесіне Стюарт Эттуэлл жауап береді, ал AVAR қызметін Мэтт Донохью атқарады.
40 жастағы Кавана Англия Премьер-лигасының матчтарына тұрақты түрде төрелік етеді. Ағылшын төрешісі өткен маусымда да «Қайраттың» ойынында жұмыс істеген. Ол алматылық клубтың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі кипрлік «Пафосқа» қарсы өз алаңындағы кездесуін басқарды. Ол матчта командалар гол соға алмай, 0:0 есебімен тең түскен.
«Қайрат» пен «Андерлехт» арасындағы алғашқы матч 20 тамызда сағат 20:00-де Алматының Орталық стадионында өтеді. Қарымта кездесу 27 тамызда Брюссельде ұйымдастырылады.
Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады.