Басты бет
·
Футбол

«Қайраттың» экс-қақпашысы қазақ футболына қосқан үлесі үшін марапатталды

Бекарыс Әлімхан··
ҚФФ

ҚФФ

«Қайрат» клубының бұқаралық футболды дамыту бөлімінің жетекшісі Құралбек Ордабаев отандық спортқа сіңірген көпжылдық еңбегі үшін марапатқа ие болды.

Маманға «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі құрмет белгісі табысталды. Ол бұқаралық футболды дамытуға, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін атап өтілді.

Алматылық клубта Ордабаев балалар мен жастарды футболға тартуға бағытталған жобаларға қатысады. Оның жұмысының негізгі бағыттарына балалар-жасөспірімдер және әуесқойлар футболын қолдау, сондай-ақ спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру кіреді.

Еске салайық, Құралбек Ордабаев — Шымкент футболының түлегі. Ол ойыншы ретінде мансабын жергілікті «Мелиоратор» клубында бастап, 1971 жылы «Қайратқа» ауысқан. Алматылық команда сапында ұзақ жылдар бойы негізгі қақпашы болды.

Мансабын аяқтағаннан кейін «Қайратта» жұмыс істеп, футбол федерациясында түрлі басшылық қызметтер атқарды. Соның ішінде ұйым президенті қызметін де атқарды.