Басты бет
·
АО-2026

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында 3×3 баскетболдан плей-оффқа шықты

Аружан Талғат··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында 3×3 баскетболдан плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Топтық кезеңнің соңғы матчында қазақстандық баскетболшылар Катар құрамасымен кездесіп, 17:8 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл нәтиже Қазақстан құрамасына А тобында екінші орын алуға және медаль үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді. 1/8 финалда ұлттық құрама Сингапурмен кездеседі. Матч 24 қыркүйекте өтеді.

Бір күн бұрын Қазақстанның ерлер құрамасы да топтық кезеңдегі ойындарын аяқтады. Соңғы кездесуде команда Филиппинге 15:21 есебімен жол берді. Алайда қазақстандықтар турнирді жалғастыру мүмкіндігін сақтап, плей-ин кезеңіне шықты.

Филиппинге қарсы матчта Қазақстан құрамасы сапындағы ең нәтижелі ойыншы Тимур Тәңгіев болды. Ол алты ұпай жинады. Мансұр Сейілханов тағы төрт ұпай еншіледі.

Ерлер құрамасы топтық кезеңді бір жеңіс және екі жеңіспен аяқтады. Қазақстандықтар Шри-Ланканы жеңіп, кейін Моңғолия мен Филиппинге есе жіберді.

Ширек финалға шығу жолындағы матчтар мен ширек финал ойындары 24 қыркүйекте өтеді. Жартылай финал және медаль үшін кездесулер 25 қыркүйекке жоспарланған.

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында 3×3 баскетболдан плей-оффқа шықты – sport-hub