Қазақстан ауыр атлетикадан Азия ойындарына құрамын жариялады

ҚР ҰОК
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың сапын жариялады. Командаға 10 спортшы енді.
Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан намысын Отепберген Әлиев (60 кг дейін), Аамолда Сайрамкез (65 кг дейін), Бексұлтан Айтбай (75 кг дейін), Алексей Чуркин (85 кг дейін) және Нұрғиса Әділетұлы (95 кг дейін) қорғайды.
Әйелдер құрамына Екатерина Алякина (57 кг дейін), Арай Нұрлыбекова (69 кг дейін), Аянат Жұмағали (77 кг дейін), Айғаным Жанболат (86 кг дейін) және Любовь Ковальчук (86 кг жоғары) кірді.
Құрамадағы ең атақты спортшылардың қатарында 2024 жылғы әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алексей Чуркин бар. 2025 жылы Әділетұлы Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш алтын медаль жеңіп алса, Любовь Ковальчук үш күміс жүлдеге қол жеткізді.
XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Байрақты бәсекеге 45 елден 11 мыңнан астам спортшы қатысады.