Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Фото: wfrk
Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс және қола жүлдеге ие болды.
Қазақстандық спортшы 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 304 келіні (жұлқа көтеруде – 142 кг, серпе көтеруде – 162 кг) бағындырып, қола медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар Ернұр жұлқа көтеру жаттығуында 142 келіні көтеріп, күміс жүлдені иеленді.
Жарыстың жеңімпазы мысырлық Мохамед Абдельради болды. Ол қоссайыста 318 келі (143+175) көтерді. Күміс жүлдені 305 келі (137+168) нәтижемен ливиялық Абдулрауф Халифа еншіледі.
Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 5–11 шілде аралығында Колумбияның Кали қаласында өтіп жатыр.