Қазақстан жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатына 21 спортшыны қатыстырды

Аружан Талгат··
Фото: qazathletics.kz

Фото: qazathletics.kz

9 шілде күні Қытайдың Ордос қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды.

Құрлықтық біріншілік 12 шілдеге дейін жалғасады. Турнирде Қазақстан құрамасының намысын 21 спортшы қорғайды, 4 ер адам және 17 әйел. Олар жүгіру, секіру, спорттық жүріс, көпсайыс және эстафета түрлерінде медаль үшін бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Орта қашықтыққа жүгіру

Аяна Болатбекқызы — 800 м, 1500 м;

Ақбаян Нұрмамет — 1500 м;

Александр Жигарь — 800 м;

Виктория Сукачёва — 800 м.

3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру

Ринат Кулыгин;

Бағжан Серікқан;

Ақбілек Құралбай.

400 метрге кедергілер арқылы жүгіру

Анастасия Цвиркунова;

Екатерина Колода.

Спринт

Екатерина Пузырёва — 100 м, 200 м;

Мария Шувалова — 400 м;

Анна Шумило — 400 м.

Секіру түрлері

Фаина Мейрманова — биіктікке секіру;

Максим Балабин — сырықпен секіру;

Анастасия Рыпакова — ұзындыққа секіру;

Диляра Хайбуллина — ұзындыққа және үш қарғып секіру.

Спорттық жүріс (20 км)

Ясмина Тоханбаева;

Эльмира Калимуллина.

Көпсайыс

Алина Чистякова — жетісайыс.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы 4×100 және 4×400 метрлік эстафеталарда да өнер көрсетеді.

Турнир қорытындысы бойынша Азияның үздік жас жеңіл атлеттері 12 шілдеде анықталады.

Қазақстан жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатына 21 спортшыны қатыстырды – sport-hub