Қазақстан Азия ойындарындағы баскетбол турнирін үш жеңіліспен аяқтады

ҚБФ
Қазақстан баскетбол құрамасы Бахрейннен 78:101 есебімен жеңіліп, Азия ойындары-2026 турнирінің ширек финалына шығу мүмкіндігінен айырылды.
Қазақстандық баскетболшылар С тобындағы үш матчтың барлығында жеңіліс тапты. Бұған дейін ұлттық құрама Қытайдан (61:99) және Филиппиннен (78:109) ұтылған еді. Үш кездесуде Қазақстан 217 ұпай жинап, өз қақпасына 309 ұпай жіберіп алды.
Турнир ережесіне сәйкес, әр топтағы үздік екі команда, сондай-ақ үшінші орын алған құрамалар арасындағы ең мықты екі команда ширек финалға жолдама алады. Қазақстан алдын ала кезеңді өз тобында соңғы орында аяқтады.
Айта кетейік, баскетбол жарыстары Азия ойындарының ресми ашылу салтанатына дейін басталды. Ашылу рәсімі 19 қыркүйекте өтеді, ал Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.