Қазақстан биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын құрамын жариялады

Фото: olympic.kz
Финляндияның Контиолахти қаласында өтетін 2026/2027 жылғы маусымдағы биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғайды.
Ерлер арасындағы жарыстарға Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Кирилл Бауэр қатысады.
Ал әйелдер құрамасының сапына Милана Генева, Лаура Қыныбаева, Айша Рақышева және Дарья Климина енді.
Әлем кубогының алғашқы кезеңінде барлығы алты жарыс өтеді.
Жарыс кестесі:
- 26 қараша – ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей жарыс;
- 27 қараша – әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей жарыс;
- 28 қараша – жекелей аралас эстафета және классикалық аралас эстафета;
- 29 қараша – ерлер арасындағы 10 шақырымдық және әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринт.
Айта кетейік, биатлоннан әлем кубогының келесі кезеңі 4–6 желтоқсан аралығында Аустрияның Хохфильцен қаласында өтеді.
2026/2027 жылғы маусым күнтізбесіне барлығы 11 кезең енгізілген. Әлем кубогы 21 наурызда Норвегияның Холменколлен қаласында мәресіне жетеді.