Италиялық маман Қазақстанның жастар биатлон құрамасында жұмыс істейді
Бөлісу

Фото: KBU
Италиялық маман Лука Бормолини Қазақстанның жастар биатлон құрамасына бапкер-кеңесші болып тағайындалды.
Жаңа жаттықтырушының ұлттық құраманы, жастар және жасөспірімдер командаларын дайындау жүйесінде 12 жылдан астам тәжірибесі бар.
Осыған дейін Бормолини Чехия әйелдер құрамасын басқарған, Оңтүстік Кореяның жастар командасында жұмыс істеген, сондай-ақ АҚШ, Жаңа Зеландия, Аустралия және Бразилия спортшыларымен серіктестік орнатқан.
Оның ең елеулі жетістіктерінің бірі — әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері америкалық биатлоншы Кэмпбелл Райтты дайындауға қатысуы.
Маманның негізгі міндеті — жас спортшыларды 2030 жылы Француз Альпісінде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындау болмақ.