Қазақстандық биатлоншылар жаңа бапкердің жетекшілігімен оқу-жаттығу жиынын бастады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: KBU

Фото: KBU

Италиялық маман Лука Бормолини Қазақстанның жастар және жасөспірімдер биатлон құрамасымен жұмысқа кірісті.

Щучинскідегі Олимпиадалық даярлық орталығында оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Жиынға шамамен 28 спортшы мен сегіз қазақстандық жаттықтырушы қатысуда.

Жиын басталар алдында биатлоншылар кешенді функционалдық тестілеуден өтті. Алынған мәліметтер бапкерлер штабының әр спортшыға жеке дайындық жоспарын құруына көмектеседі.

Щучинскідегі қазіргі жиын 28 мамырға дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша дайындықтың келесі кезеңіне қатысатын құрам анықталады. Келесі оқу-жаттығу кезеңі маусым айында Италияда өтеді.

Қазақстандық биатлоншылар жаңа бапкердің жетекшілігімен оқу-жаттығу жиынын бастады – sport-hub