Қазақстан Билли Джин Кинг Кубогының ширек финалында Испаниямен кездеседі
Бөлісу

Фото: KTF
Қазақстан әйелдер теннис құрамасы Кубок Билли Джин Кинг турнирінің финалдық кезеңін Испанияға қарсы матчпен бастайды.
Шэньчжэнь қаласында өтетін жарыстың жеребесі бойынша Қазақстан мен Испания құрамалары ширек финалда өзара кездеседі.
Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда Италия – Қытай кездесуінің үздігімен ойнайды. Ал қалған ширек финалдық жұптарда Украина – Бельгия және Чехия – Ұлыбритания құрамалары бақ сынайды.
Кубок Билли Джин Кингтің финалдық кезеңі 22-27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.