Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚТФ

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Уичито қаласында өтіп жатқан ITF M25 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Екінші айналымда Попко америкалық Карл Полингпен кездесіп, 6:3, 6:7 (3:7), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч 3 сағат 32 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші алғашқы сетті сенімді түрде өз пайдасына шешкенімен, екінші партияның тай-брейгінде есе жіберді. Соған қарамастан шешуші сетте жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.

Ширек финалда Дмитрий Попко аустралиялық Энцо Агиармен кездеседі. Қазіргі таңда ол ATP рейтингінде 517-орында тұр.

Айта кетейік, әлемнің 719-ракеткасы Дмитрий Попко ITF турнирлерінде жекелей сында 27 титул жеңіп алған.