Басты бет
·
Бокс

Қазақстан бокстан әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын құрамын жариялады

Бекарыс Әлімхан··
ҚБФ

ҚБФ

Қазақстан құрамасы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін World Boxing ұйымының әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын боксшылар тізімін жариялады. Ел намысын алты ер және бес әйел спортшы қорғайды.

Ерлер құрамасы:

  • 50 келіге дейін – Даниял Сәбит;
  • 70 келіге дейін – Фарух Тоқтасынов;
  • 75 келіге дейін – Аман Қонысбеков;
  • 80 келіге дейін – Диас Молжігітов;
  • 85 келіге дейін – Сұлтанбек Айбарұлы;
  • 90 келіге дейін – Дәулет Төлемісов.

Әйелдер құрамасы:

  • 57 келіге дейін – Карина Ибрагимова;
  • 70 келіге дейін – Бақыт Сейдиш;
  • 75 келіге дейін – Шұғыла Нәлібай;
  • 80 келіге дейін – Валерия Аксенова;
  • 80 келіден жоғары – Дина Исламбекова.

Жарыс 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Ташкенттегі Олимпиада қалашығында орналасқан Martial Arts Arena спорт кешенінде өтеді.

Турнирге 31 елден 142 боксшы қатысады деп жоспарланған. Қазақстандық спортшылар 20 салмақ дәрежесінің 11-інде бақ сынайды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем кубогының алдыңғы екі кезеңінде сегіз алтын медаль жеңіп алды.

Сәуір айында Бразилияда өткен жарыста отандастарымыз үш алтын иеленсе, маусымда Қытайда ұйымдастырылған кезеңде тағы бес мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева екі кезеңде де чемпион атанды.

Қазақстан бокстан әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын құрамын жариялады – sport-hub