Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында медальдар есебінде бірінші орын алды

Aibar Rysdaulet··
Фото: ДРС

Фото: ДРС

Қазақстан құрамасы Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медальдар есебінде бірінші орын алды.

Қазақстандық спортшылар жарыста барлығы 74 медаль жеңіп алды. Оның 32-сі – алтын, 20-сы – күміс, 22-сі – қола.

Екінші орын жарыс қожайындары Қырғызстан құрамасына бұйырды. Қырғызстандық спортшылар жалпы 84 медаль жеңіп алды. Оның 30-ы – алтын, 35-і – күміс, 19-ы – қола. Яғни қырғыз спортшылары жалпы медаль саны бойынша Қазақстаннан көп жүлде алғанымен, алтын медаль саны бойынша біздің құрамадан кейін қалды.

Үздік үштікті Ресей құрамасы түйіндеді. Ресейліктердің қоржынында 36 медаль бар: жеті алтын, сегіз күміс және 21 қола.

Үздік бестікке Моңғолия мен Өзбекстан құрамалары да кірді. Моңғолия 21 медаль жеңіп алса, Өзбекстан спортшылары 19 жүлдеге ие болды.

Осылайша Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын медальдар есебінде бірінші орында аяқтады. Ұлттық құрама жарыс қожайындары Қырғызстаннан алтын медаль саны бойынша басым түсті.

Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2028 жылы Қазан қаласында өтеді.

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 32 алтын медальмен бірінші орында аяқтады – sport-hub