Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатындағы жекелей жарысты жүлдесіз аяқтады

Дина Хамзина··
Фото: Olympic.kz

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Камила Берликаш Әзербайжанда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп, жүлде үшін күресті тоқтатты.

Бакуде дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының жетінші жарыс күні басталды. Аса ауыр салмақта (78 келіден жоғары) Қазақстан атынан Камила Берликаш өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда бельгиялық Габриэль Бувьемен кездесті. Алайда Берликаш қарсыласынан басым түсе алмай, әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.

Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатындағы жекелей жарысты жүлдесіз аяқтады – sport-hub