Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Қазақстандық дзюдошы Бакудегі әлем чемпионатында алғашқы белдесуінен кейін жарыстан шығып қалды

Дина Хамзина··
Қазақстандық дзюдошы Бакудегі әлем чемпионатында алғашқы белдесуінен кейін жарыстан шығып қалды

Қазақстандық дзюдошы Акерке Рамазанова Әзербайжанда өтіп жатқан әлем чемпионатында мысырлық Сафе Солиманға есе жіберіп, жүлде үшін күресті тоқтатты.

Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жекелей жарыстың соңғы күнінде татамиге 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстан өкілі Акерке Рамазанова шықты.

Алғашқы белдесуде қазақстандық спортшы мысырлық Сафе Солиманмен кездесті. Алайда Рамазанова қарсыласына есе жіберіп, турнирдегі жарыс жолын аяқтады.

Қазақстандық дзюдошы Бакудегі әлем чемпионатында алғашқы белдесуінен кейін жарыстан шығып қалды – sport-hub