Басты бет
·
Футбол

Қазақстан футзал құрамасы Беларусьпен өтетін матчқа дайындықты бастады

Али Асетов··
ҚФФ

ҚФФ

Қазақстан футзал құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің негізгі раунды аясында Беларуське қарсы өтетін қарымта матчқа дайындықты бастады.

Ұлттық құрама Словакияның Гуменне қаласында алғашқы жаттығуын өткізді.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, футзалшылар алтыншы іріктеу тобының кезекті кездесуіне қатысу үшін Словакияға барған.

Беларусь құрамасына қарсы матч 10 қарашаға жоспарланған. Кездесу жергілікті спорт кешенінде өтеді. Қазақстан уақытымен 11 қарашаға қараған түні сағат 00:00-де басталады.

Бұл командалардың қазіргі іріктеу кезеңіндегі екінші кездесуі болмақ. Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Беларусьті 5:4 есебімен жеңген еді.

Қазақстан мен Беларусьтен бөлек, алтыншы топта Албания құрамасы да өнер көрсетеді. Какау шәкірттері албаниялықтармен келесі кездесуін 9 желтоқсанда өз алаңында өткізеді.