Қазақстан көкпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында медальдық есепте жеңіске жетті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ulttyqatsporty.kz

Фото: ulttyqatsporty.kz

Қазақстан құрамасы Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы аударыспақ жарысының медальдық есебінде бірінші орын алды.

Қазақстандық спортшылар алты салмақ дәрежесінің барлығында жүлдеге ие болды. Команданың қоржынында төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль бар.

Қазақстан құрамасына соңғы алтын медальді 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сырым Избасаров әкелді. Қазақстандық спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екінші рет чемпион атанды. Ол бұған дейін 2024 жылы Астанада өткен ойындарда аударыспақтан жеңімпаз болған.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпиондары қатарында Кәрім Нұрталай (60 келіге дейін), Сайлау Мұхаммеджан (70 келіге дейін) және Дарын Өткелбай (90 келіге дейін) да бар. Расул Құрайыш (80 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алса, Нұржан Еркінұлы (110 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Аударыспақ (эр эңиш) – салт аттылар арасындағы дәстүрлі күрес түрі. Қарсыластар күш, тепе-теңдік және атты басқару шеберлігін пайдаланып, бір-бірін аттан құлатуға тырысады.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Ашылу салтанаты Бішкекте өтті, ал негізгі жарыстар Ыстықкөл облысының спорт нысандарында ұйымдастырылып жатыр.

Қазақстан көкпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында медальдық есепте жеңіске жетті – sport-hub