Қазақстан құрамасы көкпардан Ресей құрамасын ойсырата жеңді

Фото: Байбөрі Құдайберген
Қазақстан құрамасы Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар турнирінің алғашқы матчында Ресей құрамасын жеңді.
В тобындағы матч 14:1 есебімен қазіргі чемпион Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Қазақстан жарыста екінші ойын күнінде өнер көрсете бастады. Бұған дейін Ресей құрамасы Венгрияны 11:1 есебімен жеңген болатын.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіп алған чемпиондық атағын қорғап жатыр. 2024 жылғы турнирдің финалында қазақстандықтар Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңген еді.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі келесі матчын Венгрияға қарсы өткізеді. Көкпар турнирінің шешуші кездесулері 6 қыркүйекте Чолпон-Атадағы ипподромда өтеді.