Қазақстан құрамасы Азия ойындарында жүзуден финалға шықты

Фото: Никита Басов
Қазақстандық жүзушілер Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында ерлер арасындағы 4×100 метрге еркін жүзу эстафетасында жүлдеге таласады.
Алдын ала кезеңде команда қашықтықты 3 минут 19,46 секундта жүзіп өтті. Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің жалпы есебінде үшінші орын алып, финалға жолдама алды.
Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы сапында бес жүзуші өтінім берген: Максим Клименко, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя, Максим Сказобцов және Фёдор Диденко. Әр эстафеталық кезеңде олардың төртеуі ғана жарысқа қатысады.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы 4×100 метрге аралас кешенді эстафетаның финалында 3:49,19 нәтижесімен төртінші орын алған.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.