Қазақстан құрамасы Пара Азия ойындарында пауэрлифтингтен қола жүлде жеңіп алды

Фото: parateam.kz
Қазақстанның ерлер құрамасы 2026 жылғы Пара Азия ойындарында пауэрлифтингтен қола медаль иеленді. Отандастарымыз үшінші орын үшін өткен бәсекеде Өзбекстан құрамасынан басым түсті.
Жарыс Жапонияның Нагоя қаласында өтті. Қазақстандық спортшылар коэффициенттер жүйесі бойынша 412,09 ұпай жинап, жүлдегерлер қатарына қосылды.
Ұлттық құрама сапында Давид Дегтярёв, Ерболат Карибай және Станислав Шакиев өнер көрсетті. Ерлер арасындағы командалық турнирде Қытай құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Қытайлық спортшылар финалда 379,21 ұпай жинады. Күміс жүлде 287,63 ұпай еншілеген Ирак құрамасына бұйырды.
Еске салайық, бұған дейін Давид Дегтярёв 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеке жарыста топ жарып, Пара Азия ойындарының рекордын жаңартты. Сондай-ақ Станислав Шакиев 59 келіге дейінгі салмақта 181 келі көтеріп, қола медаль иеленді.
Айта кетейік, парапауэрлифтингтен командалық жарыстар Пара Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Жапонияда ерлер арасындағы бәсекеден бөлек, әйелдер және аралас командалар арасындағы жарыстар да өтеді.