Қазақстан құрамасы Қытайдағы триатлоннан Азия кубогына қатысады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстанның төрт спортшысы 23 мамыр күні Қытайдың Ляньюньган қаласында өтетін триатлоннан Азия кубогына алдын ала тіркеуден өтті.

Ұлттық құрама тізіміне Аян Бейсенбаев, Темірлан Теміров, Максим Шмулич және Арлан Жанабай енді.

Ерлер арасындағы жарысқа жалпы саны 70 спортшы қатысады.

Турнирге қатысушылар тізімін халықаралық триатлон федерациясы — World Triathlon жариялады.

Еске салайық, 2 мамыр күні қазақстандық триатлоншылар Филиппиннің Субик-Бей қаласында өткен Азия кубогы кезеңінде екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.