Қазақстан құрамасы су добынан Азия ойындарының финалына шықты

Фото: Никита Басов
Қазақстандық ватерполшылар Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль үшін күресін жалғастырады.
Ерлер арасындағы су добы турнирінің жартылай финалында Қазақстан құрамасы Қытай командасымен кездесті. Тартысты өткен матчта командалар соңғы минуттарға дейін жеңімпазды анықтай алмады.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Қытайды 11:10 есебімен жеңіп, жарыстың шешуші матарына жолдама алды.
Қазақстан құрамасының финалдағы қарсыласы Жапония мен Иран арасындағы екінші жартылай финалдан кейін анықталады.