Қазақстан құрамасы U23 арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстанның ерлер арасындағы 3×3 баскетболдан ұлттық құрамасы Қытайда өтетін FIBA U23 әлем кубогына қатысады.

Қазақстан құрамасы А тобында Германия, Нидерланд, Сербия және Тонгамен бірге ойнайды. Ұлттық команда сапына Жангир Дюсенов, Роман Байболов, Илья Пестов, Айболат Омаров және Азамат Жәнібеков енді.

Ерлер арасындағы турнирге төрт топқа бөлінген 20 құрама қатысады. Әр топтан үздік екі команда ширек финалға жолдама алады.

Айта кетейік, Германия бірінші нөмірлі себуленген команда болса, Сербия – 2025 жылғы турнирдің күміс жүлдегері. Ухань қаласында өтетін жарыста ерлер және әйелдер арасында барлығы 40 құрама бақ сынайды.