Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына шықты

ҚР ҰОК
Қазақстанның ерлер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан үстел теннисінен 2026 жылғы Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Қазақстандықтар Ирак құрамасын 3:0 есебімен жеңді.
Бұған дейін топтық кезеңде Қазақстан құрамасы бірінші топта екі жеңіске жетіп, бірінші орын алған еді. Алдымен Филиппин құрамасын 3:0 есебімен ұтса, кейін Шри-Ланкадан 3:1 есебімен басым түсті.
Іріктеу кезеңінің алғашқы раундында қазақстандықтар Малайзия құрамасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осы нәтиже оларға ширек финалға шығу жолындағы күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, Азия чемпионатында Қазақстан намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Санжар Жұбанов, Айдос Кенжигұлов және Искендер Харки қорғап жатыр. Үстел теннисінен Азия чемпионаты Ташкентте 19–25 қазан аралығында өтеді.