Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Қазақстандық спортшы Бейжіңдегі WTT турнирінде күміс медаль еншіледі

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Бейжіңде өткен үстел теннисінен халықаралық WTT China Youth Smash турнирінде екінші орын иеленді.

19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Құрманғалиев алты кездесуде жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы Қытай өкілі Тан Ижэньге 1:4 есебімен есе жіберді.

Финалға дейінгі жолда Құрманғалиев қытайлық У Ифэйді жеті партияға созылған тартысты кездесуде 4:3 есебімен жеңді. Ал бұған дейін ширек финалда жастар арасындағы Азияның қазіргі чемпионы Чжоу Гуаньхуннан 4:1 есебімен басым түсті.

Осы маусымда Құрманғалиев U19 санатында WTT Youth Contender сериясының екі турнирінде де топ жарды. Маусым айында Швецияның Хельсингборг қаласында өткен жарыста жеңімпаз атанса, тамызда АҚШ-тың Спокан қаласында алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, WTT China Youth Smash турнирі 9–11 қазан аралығында өтті. Жарыс басталар алдында Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұрған еді.