Қазақстан құрамасының баскетболшысы мансабын Гонконгта жалғастырады

«Гонконг Истерн» БК
Қазақстан құрамасының орталық ойыншысы Роберт Пан Гонконгтың «Гонконг Истерн» клубымен келісімшартқа отырды.
31 жастағы баскетболшының ауысқаны туралы Гонконг командасының баспасөз қызметі хабарлады. Пан өткен маусымды «Астана» құрамында өткізді. Бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында және ВТБ лигасында өнер көрсеткен.
«Гонконг Истерн» – Гонконгтың HKA1 жоғары дивизионының қазіргі чемпионы. Бұл атақ клуб тарихындағы үшінші чемпиондық болды.
2026/27 жылғы маусымда команда Шығыс Азия Суперлигасында өнер көрсетеді. Клуб С тобына түсті. Алғашқы матчын 3 қазанда Себу қаласында филиппиндік «Абра Уиверс» командасына қарсы өткізеді.
Сонымен қатар «Гонконг Истерннің» топтағы қарсыластары жапониялық «Рюкю Голден Кингз» және Тайваньның «Таоюань Пайлотс» командалары болады.