Қазақстан құрамасының футзалшысы Ресей клубына ауысты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «ИрАэро» КФК

Фото: «ИрАэро» КФК

Қазақстан құрамасының футзалшысы Альберт Ақбалықов Ресейдің «ИрАэро» клубының ойыншысы атанды.

Ақбалықов – «Ақтөбе» клубының түлегі. Ол мансабында Ресей чемпионы атағын «Газпром-Югра» сапында жеңіп алса, «Қайрат» құрамында Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанған. Сонымен қатар оның еншісінде Қазақстанның төрт Суперкубогы мен бес Қазақстан кубогы бар.

Өткен маусымда 30 жастағы футзалшы «Ақтөбе» сапында 53 матч өткізіп, 63 гол соқты. Сондай-ақ командамен бірге Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

«ИрАэро» клубының бас бапкері – Қазақстан құрамасы мен «Қайратты» жаттықтырған Кака. Бұған дейін Ресей клубының қатарына Қазақстан құрамасының натурализацияланған ойыншысы Эдсон да қосылған болатын.

2025/26 жылғы маусымда «ИрАэро» Ресей чемпионатында сегізінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Команда жарысты ширек финалда аяқтады.